Аңдатпа. Жаңа Қазақстанның жаңа мұражайы

29.12.2009

Көрулер: 2893

Жаңа жыл қарсаңында 2009 жылдың 30 желтоқсанында сағат 12.00-де орталық, ведомствалық және университеттік мұражай және архив директорлары мен мамандары университеттің жаңа мұражайының ашылу салтанатын тамашалау үшін Қазақ ұлттық университетіне жиналады. Мұражайдың ресми ашылуы 2009 жылдың 13 қазанында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға келуі барысында болды.

Мұражай кешенінің жалпы ауданы 1000 кв. метрді құрайды. Жаңа мұражай үш экспозициядан тұрады, олар: тарих галереясы, Даңқ залы, университеттің қазіргі және болашақ дамуы залы. Қазақстанның тұңғыш классикалық университетінің дәстүрге бай тарихы 5000-нан аса тарихи құнды құжаттар мен сирек кездесетін мұражай экспонаттарынан тұрады.

Мұражайда шығыс ойшылы, философ Әбу Насыр әл-Фараби мен ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағы, ұлттық ғылым-білім жүйесінің нығаюындағы, жастар саясатындағы роліне арналған экспонаттар керемет кешенді үйлесім тапқан. Жаңа мұражай қала мәдениетіне ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша маңызды нысан болары анық.

Мұражай экскурсиясын жасай отырып, университет қалыптасуы мен дамуындағы негізгі кезеңдерді ғана баяндап қоймай, Қазақстан жоғары білімі мен әлемге танымал ғылыми мектептердің қалыптасуынан, білім беру жүйесінің жетілгендігінен, халықаралық байланыстардың нығайғандығынан, студенттердің қызықты кездерінен, факультеттердің, ғылыми институттар мен орталықтардың, жалпыуниверситеттік кафедралар мен кітапханалардың қазіргі заманға сай инновациялық өсуінен сыр шертеді

Бұл шара мұражайлар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға, еліміздегі жетекші оқу орынның ғылым-білім дәстүрлерін байытуға бағытталған. Кездесу регламентіне мұражайды экскурсиялық аралау, мұражай ісін жетілдірудегі пікір алмасу, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі мұражай ролі және интеллекетуалды ұлт қалыптастыру мәселесі кірмек.

Мекен жайы: Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 71,әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі 8 (727)377 35 20