«Ұлттық құқықтық жүйесін 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясын есепке алып жаңғырту» атты халықаралық ғылыми-құқықтық конференция (9 желтоқсан 2009 жыл, Астана қ., RIXOS President Hotel)

23.12.2009

Көрулер: 3134

2009 жылдың 9 желтоқсан күні Астана қаласының RIXOS President Hotel отель ішінде «Ұлттық құқықтық жүйесін 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат Концепциясын есепке алып жаңғырту» атты халықаралық ғылыми-құқықтық конференция өтті.

Конференцияның жұмысына мемлекеттік органдарының өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері, ҚР Конституциялық Кеңесінің, ҚР Жоғарғы Соттың, Орталық сайлау комиссиясының мүшелері, ҚР Министрліктердің өкілдері, ҚР жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу орталықтарының өкілдері, сонымен қатар дипломатиялық миссияларының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.

Конференцияны сәлем беру сөздерімен Қазақстан Республикасының Әділет министрі Р.Т. Түсупбеков және Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ Мемлекет және құқық институтының директоры академик Ғ.Сапарғалиев ашқан.

Конференция үш бағытта жүргізілді: 1 сессия «Халықаралық және ұлттық құқық. Мемлекеттік құрылым». Аталған сессияның модераторы академик Ғ.Сапарғалиев; 2 сессия «Құқыққорғау, сот жүйелерінің және құқыққорғау институттардың дамуы». Модератор Қазақ гуманитарлық заң университетінің Ректоры, з.ғ.д., профессор М.Ч. Қоғамов; 3 сессия «Салық және бюджет заңнамасының дамуы». Модератор ҰҚК Академиясының қоғамдық-құқықтық және мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы, з.ғ.к., доцент В.В. Мамонов болған.

Конференция барысында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Мемлекет және құқық институтының Директоры академик Ғ.Сапарғалиев өз сөзінде заңшығармашылық қызметін жетілдіру үшін Конституцияға қайшы келетін заңдарға прокуратурамен шағым келтіру механизмін құрудың елеулі маңызы бар екендігіне назар аударды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Мемлекет және құқық институтының Директордың орынбасары з.ғ.к., доцент А.А. Салимгерей конференцияда сөз сөйлегенде, өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасының заңнамасында халықаралық міндеттемелерінің алатын орнына назар аударды.

Конференция нәтижелері бойынша ҚР барлық мемлекеттік органдарына жіберілетін резолюция қабылданды. Сонымен қатар конференция материалдары бөлек жинағымен басып шығарылады.