Аңдатпа. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Интеллектуалдық секіріс» атты Алматы жастарының форумы

20.12.2009

Көрулер: 2990

Жастар ақпараттық форумы

Алматы қалалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолдауымен

22 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Интеллектуалдық секіріс» атты Алматы жастарының форумы өз жұмысын бастайды.

Форумның мақсаттары: жастар бастамаларын қолдау, жаңа зияткерлік идеяларды жасау, қоғам назарын жастар мәселесіне аудару; бұқаралық ақпарат құралдарында жастардың өмірі мен қызметін жариялау, кәсіби және шығармашылық тұрғыда жастардың мықты зияткерлік күшін шоғырландыру, шығармашылық тәжірибелерімен бөлісіп, өзін-өзі күшейтуге мүмкіндік беру, идеялас жақтастарымен пікір алмасып, ой бөлісу, жастарды елдің болашағына қатысты ашық сұхбаттарға тарту.

Форумның басты идеясы: жастарға бастама алаңын беріп, өзін-өзі дамытуға импульс болу, интеллектуалдық әлеуетті өсіру. «Интеллектуалдық секіріс» форумы - бұл ойланатын жастардың өмір салты, мұндағы бар күш- жігер туған еліміз - Қазақстан Республикасының гүлденуіне бағытталған.

Форум аясында мынадай төрт сұхбаттасу алаңы жұмыс жасайды деп жоспарланып отыр:

  • Интеллектуалды ұлт - біз!
  • Жастар және ақпарат.
  • Жастар және мегаполис.
  • Жастардың өзін-өзі басқаруы.

Форумға қатысуға Алматы қаласында тұратын 15 пен 29 жас аралығындағы жастар шақырылады. Шара белсенді жастарға диплом және сыйлықтар тапсырумен аяқталады.

Форумның ашулыуы: 22 желтоқсан, 2009 ж., сағат 14.00.

Мекен-жайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, №3 дәріс залы, экономика факультеті (БОҒ-3).

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
8 (727) 377-35-20