Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚазҰУ профессорлары мен оқытушылары мемлекеттік наградалармен марапатталды

15.12.2009

Көрулер: 3318

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен
елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін,
қоғамдық белсенді қызметі үшін
мемлекеттік наградалармен марапатталған
әріптестерімізді құттықтаймыз!

III дәрежелі «Барыс» ордені

Сартаев Сұлтан, з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі - мемлекет пен құқықтың теориясы мен тарихы кафедрасының профессоpы.

«Құрмет» орденімен

Орынханов Мұрат Кәдесұлы, ф-м.ғ.д., профессор - ғылыми жұмыс жөніндегі проректор;

Асқарова Әлия Сандыбайқызы, ф-м.ғ.д., профессор - физика факультетінің деканы;

Ғабитов Тұрсын Хафизұлы, филос.ғ.д., - мәдени антропология кафедрасының профессоры;

Қайырбаева Роза, ф.ғ.к., - шет тілдер кафедрасының профессоры (ХҚФ);

Нұрахметов Немеребай, х.ғ.д., - бейорганикалық химия кафедрасының профессоpы;

Нұртазин Сабыр Темірғалиұлы, б.ғ.д., профессор - зоология және гистология кафедрасының меңгерушісі;

Омарбеков Талас, т.ғ.д., профессор - Қазақстанның ерте дүние және ортағасырлар тарихы кафедрасының меңгерушісі;

Сүлейменова Элеонора Дүйсенқызы, ф.ғ.д., - жалпы тіл білімі кафедрасының профессоpы.

«Ерен еңбегі үшін» медалі

Абдезұлы Қансейіт, ф.ғ.д., профессор - филология факультетінің деканы;

Надирова Гүлнәр Ермұратқызы, ф.ғ.д., - арабтану кафедрасының меңгерушісі.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы

Аманжолов Алтай Сәрсенұлы, ф.ғ.д., - жалпы тіл білімі кафедрасының профессоpы.

Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы

Молдағалиева Айжан Айдынғалиқызы, ф.ғ.к., - жаратылыстану факультеттеріне арналған шет тілдер кафедрасының меңгерушісі;

Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы, б.ғ.д., профессор - адам және жануарлар физиологиясы мен биофизика кафедрасының меңгерушісі.

Сіздерге зор денсаулық, мол табыс тілейміз!

әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің ұжымы