Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір

15.12.2009

Көрулер: 4184

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Халықаралық қатынастар факультетінің Халықаралық құқық кафедрасының екінші курс магистранттары «Жастардың тәрбиесіне рухани-өнегелік құндылықтардың әсері» атты дөңгелек үстел өткізді.

Аталған дөңгелек үстелді Халықаралық қатынастар факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыстар жөнінде орынбасары Төлеген Мұхтар және Халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі Айдарбаев Сағынғали ашты. Олар Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ҚазҰУ қабырғасында оқыған дәрісінде сөз болған міндеттерді атап өтті.

Тәрбие мәселесінде университеттің орны ерекше болғандықтан, дейді студенттер барлық жоғарғы оқу орындарында тәрбие атмосферасын қалыптастытыру қажет. Магистранттар өз баяндамаларында отбасылық тәрбие, жастар тәрбиесіндегі мемлекеттің регулятивті ролі, этикалық, эстетикалық тәрбие, сондай-ақ осы саладағы шет елдер тәжірибесі жөнінде айтты. Қонақтар мен қатысушылар жоғарғы оқу орындарындағы тәрбиелеу әдістерін жетілдіру және студенттер арасында рухани-өнегелік құндылықтарды дамыту жолдарын қарастырды.

Конференция жұмысына «Бостандық» реабилитациялық орталығының директоры А.С. Хамиев, теолог, имам қызметін атқарған діни сарапшы Е.Т. Бекбосынов және «Сәлем» тобының жетекшісі Е. Батырханов аталған тақырып шеңберінде өз ойларымен бөлісті және студент жастармен ой-пікір алмасып, тәрбиелі жас ұрпақтың бүгінгі келбеті қандай болмақ деген сауалдарға жауап берді.

«Жастар болашаққа апаратын алтын көпір» дейді дана халқымыз. ҚазҰУ-дің студенттері халқымыздың рухани-өнегелік құндылықтарын ұмытпай, сол көпірді жалғап келе жатқандығы қуантады. Тәрбиелі ұрпақ - ел болашағы!

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі