ҚазҰУ ғалымдарының форумы: жоғары оқу орындары ғылыми зерттеулер мен инновацияның локамативі болу керек

2-жел-09

Көрулер: 3008

Алматыда өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының форумында ұлттық университеттерде ғылыми мамандарды дайындау, интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы жоғары оқу орындардың ролі, ғылыми кеңестер құру және басқа да мәселелер талқыланды.

Ғалымдар Астанада Елбасының қатысуымен қыркүйек айында өткен ғылым жөніндегі жиындағы тапсырмаларға және үстіміздегі жылдың қазан айында оқыған дәрісіне сәйкес Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша, жаңа ғылыми жүйе негізіндегі ғылымды жетілдіру мен дамыту жөнінде пікір алмасты.

Ректор Бақытжан Жұмағұлов сөйлеген сөзінде ҚазҰУ-дың жыл басында Қазақстанда ғылымды басқарудың жаңа жүйесін құрудың негізгі бағыттары жасалып, келісілген мәселені қарастыруды Президент Әкімшілігі мен Үкіметке қарастыруды ұсынғандығын айтты. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Елбасының қатысыуымен Астанада өткен жиында ұзақ уақыт бойғы дайындықтан соң ғылымды басқару жүйесінің мүлдем жаңа моделі ұсынылды. Оның басты ерекшеліктері ғалымдар зерттеулерінің грант арқылы қаржыландырылуы, ғылымды мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығару, ғылымды жас кадрлермен толықтыру және т.б. болып табылады. Алайда академик Жұмағұлов, ғылымның жаңа жүйесіндегі басты назар жоғарғы оқу орын ғылымына, зерттеу униерситеттеріне бағытталуы тиіс деп есептейді.

Форум қатысушылары атап өткендей, жаңа деңгейдегі тапсырмаларды шешу үшін отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерін мемлекет тарапынан қолдау керек. Мәселен, 2009-2011 жылдарға арналған фундаменталды ғылыми зерттеулер жобасы байқауында ҚазҰУ-дың 147 жобасы қаржыландырылды. Өткен кезеңдердегімен салыстырғанда жобалар көлемі 53% артқан, дегенмен, мамандардың айтуынша, перспективті жобалар жеткілікті.

Форум қатысушылары ұлттық университеттердегі ғылымды жетілдіру мен дамытуға, интеллектуалды ұлт қалыптастырудағы жоғарғы оқу орын ғылымының орны мен роліне, шетелдерде ғылыми зерттеулер мен инновацияның локамативі болып табылатын елімізде зерттеу университеттерін қалыптастыруға қатысты жетекші ғалымдардың баяндамаларын қызығушылықпен талқылады.

ҚазҰУ ғалымдарының пікірінше, ғылым саласындағы Қазақстан Республикасының жаңа саясатын қалыптастыруда ғылым, білім және бизнесті интеграциялы дамытудың қазіргі заманғы үлгісі ретінде «зерттеу университеттерін» құруға ерекше назар аудару керек. Мұндай университеттер жанынан технологиялық трансфер жүзеге асатын зерттеу парктері құрылып, ғылыми орталықтарда жасалған жаңа технологияларды өндіріске тапсырады және өнімді шығару сатысына дейінгі ой жоспарды аяқтайды.

Форумды қорытындылай келе, еліміздегі жетекші оқу орынның ғалымдары ғылымды басқарудың жаңа жүйесінің және «Ғылым туралы» заң жобасының нормативті-құқықтық базасын талқылап, дайындауға зерттеу университеттерін қалыптастыру тұжырымдама жобасына нақты ұсыныстар жасап, студенттерді ғылыми жобалар мен зерттеулерге тарту арқылы болашақ бәсекеге қабілетті маман даярлауды қамтамасыз етуге белсенді түрде ат салысу керектігін айтты.

ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі