ҚазҰУ-да Бүкіләлемдік философтар күні аталып өтті

02.12.2009

Көрулер: 3038

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО бекіткен Бүкіләлемдік философтар күнін атап өтті. Ал философия және саясаттану факультетіндегі бұл мереке Қазақстандағы философиялық білім берудің 60 жылдығына орайластырылып отыр.

Мереке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философиялық білім беру мен факультет тарихының таныстырылымынан басталды. Мереке аясында «ХХІ ғасырдағы философияның даму жолдары: Әлемдік философия тарихындағы қазақстандық философия» атты дөңгелек үстел өтті. Онда проф. Ақмамбетов Г.Г., проф. Молдабеков Ж.Ж., проф. Байдельдинов Л.А., проф. Нұрышева Г.Ж., проф. Алтаев Ж.А. және тағы осы қатарлы белгілі ғалымдар отандық философияның даму перспективалары, оның әлеуметтік процестер мен мәдениеттегі сондай-ақ жаһандастыру әлеміндегі мәнін кеңінен ашатын жан-жақтылығы жөнінде сөз етті.

Мерекелік шараға философия бөлімінің алғашқы түлектері, көпшілік өкілдері, шетелдік қонақтар, ҚР жоо өкілдері, көрнекті философ ғалымдар қатысты. Дөңгелек үстелдің модераторы философия және саясаттану факультетінің деканы, профессор Шаукенова З.К. ғалым-философтардың теоретикалық жұмыс түрінің жаңаруын, философиялық процестің мазмұнын жетілдіруде философиялық диалогтың айрықша маңыздылығын атап өтті.

Бас қосуда жасалған баяндамалар негізінде қазақстандық жетекші философтар мен жас ғалымдардың ғылыми мақалалары жинақ түрінде шығарылады деп жоспарланды.

Жиын соңы студенттер мерекесіне ұласып, Олег Борецкийдің «Философия: матрицаның дефрагментизациясы» тақырыбындағы кино клубтың отырысымен аяқталды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі