«Біз біргеміз!» - «Логос» СҒО-на мүшелігіне бірінші курстарды мерекелік қабылдау сәті

09.12.2014

Көрулер: 1910

2014 жылдың 9 желтоқсанында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздік күніне және «Логос» мүшелігіне бірінші курстарды қабылдауға арналған «ЛОГОС» студенттік ғылыми қоғамы «Біз біргеміз!» атты мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара патриоттық пен азаматтық тұрғыда қызықты да үйлесімді болды. СҒҚ барлық мүшелері, атап айтқанда, «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» және «Педагогика және психология» мамандығының 1,2,3, және 4 курс студенттері қатысты.

«Логос ардагерлері» - 4 курс студенттері іс-шараны ұйымдастыру мен өткізуде белсенділік танытты. Олар залды безендіруде және іс-шараның тұжырымдамасын құруда креативтілік пен шығармашылықтарын көрсетті.

Мерекелік концерттің басында Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін алу құрметіне видеоролик көрсетілді. Ағымдағы жылдың қазан айында «Педагогикалық бағдарлар - 2014» атты Халықаралық Педагогикалық Герцен олимпиадасында (Санкт-Петербург қаласы) көрсетілген ролик СҒҚ 4 жылдық жетістігін көрсетеді.

Ары қарай музыкалық және сахналық қойылымдар қойылды. «Логос» СҒҚ туын салтанатты түрде алып шығып, бірінші курстар ант қабылдап, оларға ту табысталды. Достық, татулық пен бірліктің белгісі ретінде орындалған «Біз біргеміз» әні оқытушылар мен түлектердің жүректерін тербеді.

Ұйымдастырушылар 1 курс студенттерін белсенді жұмылдырды. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының меңгерушісі Мынбаева А.К. және «ЛОГОС» СҒҚ-ң жетекшісі Касен Г.А. студенттерді құттықтап, ақыл-кеңестерін айтты.

Студенттік өмірге арналған қойылымдардан басқа, 2,3,4 курс студенттері музыкалық номерлер де қойды. Соңында, әдеттегіше, 4 курс студенттері осы іс-шараға арнап дайындалған өздерінің би флэш-мобымен таң қалдырды.

Көтеріңкі көңіл-күймен Логос СҒҚ қоржыны тағы да бір естелік суретпен толықты.