Профессор Сайкиев Халаби Мухитовтың туылғанына 100 жыл

11.12.2014

Көрулер: 2294

Профессор Х.М. Сайкиевтің 100 жылдық мерей тойына арналған «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен орыс филологиясы,орыс және әлем әдебиеті кафедрасының оқытушылары 2014 жылдың 11 желтоқсанында «Истинный рыцарь науки» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Кештің қадірлі қонақтары профессор Халаби Мұхитұлының туыстары, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ардагерлері доцент Р.С. Қожамқұл, профессор Г.В. Ким болды.

Дөңгелек үстелді филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы ф.ғ.д., профессор Өмірхан Әбдиманұлы ашты. Х.М. Сайкиевтің жарқын өмірі туралы және біздің университеттегі оның 40 жылдық еңбегі туралы орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Б.Ө.Жолдасбекова баяндады. Р.С. Қожамқұл өзінің ғылыми жетекшісінен кейін 1967 жылы орыс тілінен диссертациясын қорғады. Ол өзінің оқытушысы туралы естеліктерінде 18 оқулық және оқу құралы, қазақ және орыс салыстырмалы грамматикасы туралы 30-ға жуық ғылыми еңбегі, монаграфия авторы жайында сөз қозғады. Рената Серәліқызы әл-Фараби кітапхана қорына салтанатты түрде Х.М.Сайкиевтің кандидаттық диссертациясын өткізді. «Халаби Мұхитұлы - қазақ тілінің және орыс тілінің нағыз шебер иесі. Ол бірқатар орыс тілі пәнінің мамандарын дайындады. Ол - ерекше интеллигент, әдемі және алғыр адам», деп өз естеліктерімен кеш қонағы оқушысы Ким Галия Васильевна бөлісті. «Халаби Мұхитұлы туралы әсерлі естеліктер және кеңпейілділікті біз тіптен күтпедік. Жанымызға жылу берді », - деп Х.М. Сайкиев туыстары факультет және кафедра ұжымына өз алғыстарын ерекше білдірді. Тағы да басқа дөңгелек үстелге қатысушылар оның ғылым жолындағы еңбегін баяндай бастады. Студенттер қонақтарды шағын концерттерімен қуантты.