«Қазақстандағы экологиялық қауіптер және оның шешу жолдары» дөңгелек үстел

20.12.2014

Көрулер: 3104

19 желтоқсанында «GreenCampus» бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ-нің шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының жанынан құрылған «Жібек жолы» студенттік ғылыми ұйірмесінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы экологиялық қауіптер және оның шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Ауғанстаннан келген шет ел студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде көтерілген Қазақстандағы экологиялық мәселелер, оның ішінде Арал мәселесі, Семейдегі ядролық сынақтардың зардаптары, Каспий теңізінің экологиясы және Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу мәселелері студенттер тарапынан қызығушылық тудырды. Дөңгелек үстелге қатысқан отандық және Ауған студенттері өз сұрақтарын қойып, өздерін мазалап жүрген экологиялық мәселелер аясында жауаптар алды. Дөңгелек үстел тартымды және тәрбиелік мәні зор болды.