«Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты монография жарыққа шықты

23.12.2014

Көрулер: 3829

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Берекет Бақытжанұлы Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы» (Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014 -520 бет) атты монографиясы жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесері 2014 жылдың 25 желтоқсанында сағат 14:30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих, археология және этнология факультетіндегі №405 мәжіліс залында өтеді.


Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 11 қарашасында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі атап өтілетінін айтты.

Осы орайда жарық көрген монографияда Қазақ хандығы құрылуының теориялық-әдістемелік мәселелері, хандықтың құрылуының зерттелуі, оның деректері, этникалық және саяси алғышарттары, хандықтың құрылу барысы мен кезеңдері, «қазақ» этнонимі, сондай-ақ хандықтың құрылуының маңызы сияқты мәселелер қарастырылады.

Монография ЖОО студенттеріне, магистрлер мен докторанттарға, тарихшыларға, қоғамтанушыларға, жалпы қазақ елінің тарихына қызығушылықпен қарайтын қалың оқырмандарға арналған.