Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел өтті

12.12.2014

Көрулер: 5180

Философия және саясаттану факультеті философия кафедрасы және «Кіші Фараби Академиясының» ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туы желбіреген күні 16-желтоқсанға арнап «Желтоқсан оқиғасы-тәуелсіздік алғышарттары» атты дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді.


Дөңгелек үстел мәжілісінде Кеңес одағындағы Қазақстанның әл-ауқаты, қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары, тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жағдайы: экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуал, қазіргі Қазақстанның жағдайы және ертеңге деген жастардың сенімі және т.б. мәселелер қаралды.

Дөңгелек үстел мәжілісінің қонағы, Халықаралық Абай қорының атқарушы директоры, Республикалық саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы талқылауға түскен пікір-таласты жан-жақты, еркін ой негізінде жүргізді.