«Түркі тілдерінің лингвомәдениеттану және когнитологиясы» пәні бойынша ашық семинар сабағы

03.12.2014

Көрулер: 3223

2014 жылы 3 желтоқсан күні сағат 16.00-17.00 аралығында түркітану және үндітану кафедрасының оқытушысы, ф.ғ.к., доцент Қортабаева Гүлжамал 2 курс магистранттары арасында «Түркі тілдерінің лингвомәдениеттану және когнитологиясы» пәні бойынша ашық семинар сабағы өткізді.Семинарға кафедра оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.

Ашық сабақта әр магистрант түркі тілдес ел туралы туралы дайындаған слайдты көрсетіп, қорғауы болды. Сонымен қатар, әр түркі тілдес халықтың ұлттық тамағын да әзірлеп әкелінді. Әрбір магистрантқа сұрақтар қойылып, көтерілген мәселелер қызу талқыланды. Ашық семинар сабағы өте жоғарғы дәрежеде өтті деп бағаланды.