ҚазҰУ магистранты әлем чемпионы атанды

11.12.2014

Көрулер: 2824

2014 жылдың 5-7 желтоқсан аралығында Қазақ күресінен Ресейдің Орынбор қаласында бесінші мәрте әлем чемпионаты өтті. 37 мемлекеттің балуандары қатысқан аламан додада ҚазҰУ-дың биология және биотехнология факультеті дене шынықтыру және спорт кафедрасының 2-курс магистранты Айдос Сейпілұлы әлем чемпионы атанды.

Жаттықтырушысы: Қойшыманов Ф.С.

Айдос Сейпілұлын жеңісімен құттықтаймыз!

Спортклуб