«Көкжиектегі» кезекті конференция

11.12.2014

Көрулер: 1887

2014 жылы 9 желтоқсанда «КӨКЖИЕК» ғылыми-шығармашылық клубы Ғылыми кітапханамен бірлесе отырып «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында көрнекті жазушы Дулат Исабековтің қатысуымен қалалық оқырмандар конференциясын өткізді.

Әл-Фараби кітапханасының мәжіліс залында өткен конференция қаламгердің «Тіршілік» повесі және «Әпке» пьесасына арналды. Көркем туындының терең де жұмбақ әлеміне студенттер бұл жолы автормен бірге сапар шекті. «Тіршілік» повесінің жазылу тарихы, кейіпкерлердің прототипі, Киеван сөзінің мағынасы жөнінде автор әңгімелеп берді. Сондай-ақ, оқырмандар тарапынан «Қарғын» романы бойынша көптеген сұрақтар туындады. Оқырмандар өздерін қызықтырған көптеген сауалдарға жауап алды.

Конференция соңында «Көкжиек» мүшелері қаламгерД.Исабековпен бірге «Әл-Фараби мұражайына» саяхат жасады.

Әдебиет сүйер жастар үшін автормен тікелей жүздесу түрінде өткен бұл оқырмандар конференциясының әсері мол болды. Клуб жетекшісі, доцент Л.Мұсалы конференцияны қорытындылап, жастармен сырласа білген қаламгерге студенттер атынан алғыс білдірді. Кітапхана қызметкерлері Ш.Мұқашева, Ж.Манапбаева шараға белсене қатысқан студенттерге арнаулы сертификаттар тапсырды.