Путеводитель по буддизму

04.12.2014

Көрулер: 1004

Тұсаукесерді негізгі мақсаты әлемдік діндердің бірі болып табылатын буддизм дінінің тарихымен дінтанушыларды кеңінен таныстыру және оны зерттеуге мүмкіндік ашу болды. Елімізде буддизм дініне байланысты кітаптар өте аз болғандықтан, буддизм өзінің деңгейінде зерттелмей қалғаны рас. Оқырмандар арасында ерекше қызығушылыққа ие болып келе жатқан «Путеводитель по буддизму» энциклопедиясы осы кемшіліктерді толтыру мақсатында жасалған бір қадам деуге болады. Осы еңбекте буддизм тарихы, философиясы және географиялық таралу аумағына байланысты мәліметтер ғылыми объективтік тұрғыда жазылған. Автор кітапты жазу методикасын қысқаша түсіндіре отырып, буддизмнің философиясымен таныстырып өтті және оқырмандарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Бұл кітап Ресейде және Орта Азияда үлкен сұранысқа ие болды, ал елімізде осы тұсаукесерден кейін өз деңгейінде қарастырылады деген ойдамыз.

Бұл іс – шараға кафедраның ұстаздары, магистранттары, студенттері қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Философия және саясаттану факультеті