Араб каллиграфиясынан шеберлік сағаты

06.12.2014

Көрулер: 4160

2014 жылы 5 желтоқсан күні шығыстану факультеті арабтану және ирантану кафедрасы жанындағы «Араб әлемі» студенттердің ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен университеттің «Айналаңды нұрландыр!» әлеуметтік-инновациялық жобасы аясында Араб каллиграфиясы студиясының шебері Асылбек Орынбасаровтың араб каллиграфиясынан шеберлік сағаты өтті.

Орынбасаров Асылбек Байұзақұлы – мұсылмандардың екі басты аруақ қонған жері – Меккедегі әл-Харам мешітін және Мединадағы ан-Набауи мешітін, Құба мешітін, сондай-ақ Алматыдағы Орталық мешітті көркемдеп жазған танымал түрік каллиграфы Хасан Челебидің шәкірттерінің бірі.