Оқытушылар мен студенттер арасында шахматтан турнир өтті

05.12.2014

Көрулер: 1671

Халықаралық қатынастар факультеті, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценттері Б.З. Бюжеева мен А.Р. Әліпбаевтың және «Жас дипломаттар» зияткерлік клубы студенттерінің ұйымдастыруымен профессор К.Қожахметовты еске алуға арналған «Ғалымның аты өшсе де, хаты өшпейді» атты іс-шара өткізілді.

Іс-шараның 1-бөлімінде Кеңес Қожахметұлына арналған факультет студенттері мен ұстаздары арасында шахматтан турнир өткізілді.

Іс-шараның 2-бөлімінде Кеңес Кожахметұлына арналған, оның өмірбаяны туралы түсірілген видео фильмі көрсетіліп, кафедра оқытушылары профессор Р.Е.Елемесов, профессор К.Н. Макашева, доцент А. Мырзахметова доцент Л.Т. Исова, доцент М.Байжанов, доцент Б.З. Бюжеева, А.Р. Әліпбаев магистранттар мен студенттер алдында Кеңес Кожахметұлы туралы өз естеліктерімен бөлісті. Студенттер Кеңес ағайға арнап шығарған өлеңдерін оқыды. Іс-шараны ұйымдастыруда белсенділік танытқан магистранттар мен студенттер Кеңес Кожахметұлының жинағымен марапатталды.