Республикалық «Әл-Фараби» олимпиадасына online-тіркелу

05.12.2014

Көрулер: 4670

Құрметті 11 сынып оқушылары!


Егер сен дарынды, ақылды, өзіңнің күшіңе сенімді болсаң және Қазақстанның ең беделді жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білім алғың келсе, онда Республикалық «Әл-Фараби» олимпиадасына қатыс.

Олимпиадаға қатысу үшін www.kaznu.kz сайтындағы *«Әл-Фараби» олимпиадасының* бөлімінде тіркеліп және қатысушы анкетасын (тіркелу нысанын) толтыру қажет.

Тіркелу 2015 жылдың 8 қаңтар айынан басталып, 2015 жылдың 9 ақпанында аяқталады.