«НАТО мини-моделі» атты форум өтті

04.12.2014

Көрулер: 2220

НАТО жөніндегі ресурстық және ақпараттық орталық және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы «Жаңа геосаяси жағдай аясындағы НАТО қызметі» атты жоғары оқу орындары студенттерінің «НАТО мини-моделі» форумын ұйымдастырды.

НАТО моделі – географиясы жағынан кең таралған, қатысушылар саны жүз мыңдаған студентті қамтитын оқу процесіне біріккен студенттік қозғалыс және білім беру модулі болып табылады. «НАТО мини-моделі» форумына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Құрлықтық әскерлердің әскери институты, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты, Қазақстан-Американ университеті, Қазақстан-неміс университеті сияқты Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Форум аясында НАТО-ның Орталық Азия елдерімен өзара байланыс офицері Александр Винников интерактивті режимде видео конференция арқылы байланысқа шықты және Орталық Азиядағы НАТО-ның серіктестеріне шолу жасады. Сонымен қатар НАТО мини-моделі форумына Қазақстан Тұңғыш Президенті жанындағы Әлемдік Экономика және Саясат институтының сарапшылары Ботагоз Шакеева және Нурумуддин Султанмуратов қатысты.

Халықаралық қатынастар факультеті