ҚазҰУ-да елшілік сағаты өтеді

04.12.2014

Көрулер: 2175

2014 жыл 5 желтоқсанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасындағы Кореяның Төтенше және Өкілетті Елшісі Пэк Чу Хён мырзаның қатысуымен болатын елшілік сағат өтеді.

Осы іс-шара аясында шығыстану және халықаралық қатынастар факультеттерінің студенттеріне «Корей түбегіндегі жағдай және еуразиялық бастама» атты арнайы дәрісін оқиды. Осы елшілік сағат корейтану және жапонтану кафедрасының ұйымдастыруымен өтеді. Іс-шараға Корей мәдени орталығынның директоры, Қазақстан Республикасындағы Корей елшілігінің бірінші хатшысы Ви Мёнг Дже, Корей мәдени орталығының білім бөлімінің меңгерушісі Ким Ки Нам, шығыстану факультетінің деканы Б.Н. Жұбатова, халықаралық қатынастар факультетінің деканы К.Н. Шакиров және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессор-оқытушылар құрамы қатысады.

Дәрісте Азиядағы халықарлық қатынастардың өзекті мәселелері және Қазақстан мен Корей ынтымастығының болашақтағы дамуы жайлы баяндалады. Бес жыл бұрын екі ел арасындағы байланыс стратегиялық серіктістік деңгейіне көтірілген еді. Қазақстан мен Корея сауда-экономика, өнеркәсіп, білім, денсаулық сақтау, мәдениет т.б. салаларында белсенді қарым-қатынас жасауда. Қазақстанда корей капиталының қатысуымен 300 біріккен өнеркәсіптер жұмыс істейді. Қазақстан экономикасына тікелей корей инвестициясының жалпы көлемі 3,4 млрд. долларды құрайды.