Қытайтану кафедрасының ғалымдары ҚХР қоғамдық ғылымдар Академиясында болды.

03.12.2014

Көрулер: 2418

Қытайтану кафедрасының профессоры Н.Ә.Алдабек және доцент П.Е.Бектұрғанова ҚХР қоғамдық ғылымдар Академиясында болып, сол жердегі қытайлық әріптестерімен кездесті. Олар қытайлық ғалымдарға университетіміздегі, факультетіміздегі және қытайтану кафедрасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы таныстырды. Атап айтар болсақ қытайтану кафедрасының зерттеушілері бірлесіп шығарған «Қытай модернизациясы және Қазақстан» деген монографиясын таныстырды. Біршама уақытқа созылған әңгіме барысында екіжақты ғылыми қарым-қатынасты нығайту мәселесі де сөз болды.