ҚазҰУ және Канаданың Саскачеван ауданы байланыс орнатты

05.11.2009

Көрулер: 3064

27 қазанда Қазақстан мен Канаданың Саскачеван ауданы арасындағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Саскачеван ауданының кәсіпкерлік, энергетика, сауда және инвестиция министрі Кен Шевельдэйоффтың басшылығымен канадалық өкілдер арнайы іс-сапармен келді.

Бас қосуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Саскачеван ауданындағы университеттердің болашақ қарым-қатынастары талқыланды. ҚазҰУ-дың мұражайы мен химико-биологиялық лабораториясын аралап жүріп К.Шевельдэйофф: «Екіжақты жоғары оқу орындарының көп ұқсастықтары бар екен. Сондықтан біз ортақ ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру үшін студенттер мен оқытушы құрамымен алмасуымыз керек», - деді.

Министрмен бірге аппарат жетекшісі Марлин Стангланд, Саскачеван сауда-экспорт серіктестігінің (STEP) президенті Лайонель Ла Белль, Азия/Африка аймақтардағы сауданы дамыту (STEP) жөніндегі аға директоры Тим Маршалл, Саскачеван университетінің өкіметтік байланыстар директоры Пегги Шмайсер, Саскачеван университетінің Вице-президенті Карен Чад, Қазақстандағы Канада елшілігінің сауда аға өкілі Дейвид Маллетт келді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі