Мұражайда ҚазҰУ туған күні аталып өтті

15.01.2013

Көрулер: 1743

Бүгін ҚазҰУ-дың туған күніне орай өткен көрмеде университеттің 40, 50, 60, 70, 75 жылдығына арналған басылымдар, құттықтау хаттары, сарғайған бірақ өз мәнін жоғалтпаған ескісуреттер, альбомдар мен жәдігерлер қойылып, университет тарихының әр белестерін бейнелейтін видеосюжеттер көрсетілді.

Дәл осы күні музейді ректорат қызметкерлері, студенттер, университет қонақтары, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы «EF education First» компаниясының өкілдері (Ұлыбритания), компанияның бас директоры Барыш Учок мырза келіп, музейді тамашалады. «Құрмет кітабында» университет ұжымын шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін қалдырды.

Жыл сайын дәстүрлі өткізілетін Жәутіков олимпиадасына қатысушы дарынды мектеп оқушылары да университеттің тәлімді тарихымен, болашақ жоспарларымен танысып, осы оқу орнының студенті атансам деген арман жетегінде болды.

Мұражай қызметкерлері барша ҚазҰУ ұжымына мол табыс, қажымас қайрат, еліміздің интеллектуалды ұлтын, сапалы мамандарын дайындаудағы еңбектеріне жеміс тілейді!