Жарыстың қорытындысы белгілі болды

15.01.2013

Көрулер: 2505

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дене шынықтыру кафедрасы және спорт клубы университеттің Туған күніне арналған университеттің түлектері мен студенттері арасында спорттың 5 түрінен: волейбол, бадминтон, үстел теннисі, шахмат, мини-футболдан спорттық мереке болып өтті.


Жарыс қорытындысы:

Волейбол: Тікетірескен ойын барысында ҚазҰУ студенттері командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.


Бадминтон: Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, география факультетінің түлегі Ж. Дәулеталиевтың басшылығымен түлектер командасы жеңіске жетті.

Үстел теннисі: 5:3 есебімен ҚазҰУ студенттері командасы жеңіске жетті.


Шахмат: 4,5:3,5 есебімен команда капитаны ҚазҰУ физико–техникалық факультеттің профессоры, ф.-м.ғ.д М. Жусупов басшылығымен түлектер командасы жеңіске жетті.

Мини футбол: 5:3 есебімен түлектер командасы жеңіске жетті. Команда құрамында заң факультетінің түлегі, Алматы қаласы прокурорының көмекшісі Р.Т. Ахатов ойын көрсетті.