Тарихи көрмеге келіңіздер

14.01.2013

Көрулер: 1652

Құрметті әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы! Студенттері мен оқытушылары, қызметкерлері!

Баршаңызды бүгінгі қасиетті білім ордасының туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1934 жылдың 15 қаңтары тұңғыш қазақ университетінің ресми түрде ашылған күні.


79 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының шығармашылық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған. Қазақ ұлттық университеті қабырғасында қазақстандық зиялы және саяси, экономикалық ортаның ең таңдаулы өкілдері дайындалып, нағыз элиталық жоғары оқу орнына айналды.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұражайы осы күнге орай өз есігін айқара ашып, тарихымыз бен тәлімді тәжірибеміздің, дәстүріміз бен жеңісіміздің жетістігімен танысуға шақырады. Мұражай қызметкерлерінің ұйымдастыруымен тарихи көрме ұйымдастырылады. Көрмеге университеттің 40, 50, 60, 70, 75 жылдығына арналған басылымдары мен құнды жәдігерлері қойылады.

Келіңіздер, көріңіздер!!!

Баршаңызға мол табыс, қажымас қайрат, еліміздің интеллектуалды ұлтын, сапалы мамандарын дайындаудағы еңбектеріңізге жеміс тілейміз!

Мұражай есігі баршаңызға ашық.