ҚазҰУ-да дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өтуде

10.01.2013

Көрулер: 2505

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ спорттық алаңдарында университет факультетінің құрама командалары және оқытушы-профессорларының, қызметкерлері мен докторанттарының арасында 41-ші дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы өткізілуде. Жарыстар спорттың сегіз түрінен: бадминтон, волейбол (ерлер және әйелдер), дартс, тоғызқұмалақ, шахмат, мини-футболдан және үстел теннисінен өтуде.

Жарыстың алғашқы нәтижелері де белгілі. Бадминтоннан жарыс аяқталды. Ойынға 70 адам қатысты. Орындар факультеттер арасында келесі кезекпен бөлінді:

1 орын – Физика-техникалық

2 орын – Механика-математика

3 орын – Әскери

4 орын - Журналистика

5 орын - Химия және химиялық технология

6 орын - Биология және биотехнология

7 орын - Филология, әдебиеттану және әлем тілдері

8 орын - Заң

9 орын - Экономика және бизнес жоғары мектебі

10 орын - География және табиғатты пайдалану

11 орын – Ректорат

12 орын - Тарих, археология және этнология

13 орын - Халықаралық қатынастар

14 орын - Философия және саясаттану

15 орын – ЖОО дейін білім беру

16 орын - Шығыстану

ҚазҰУ-дың Спортклубы