Ректор университет ұжымымен Елбасы Жолдауын талқылады

10.01.2013

Көрулер: 1895

Жаңа жылдың бірінші отырысы 9 қаңтар күні ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов, бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаеы және барлық проректорлар мен декандардың қатысуымен өтті. Жиналыста «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті – ЕлбасыН.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын кеңінен талқылап, университеттің жаңа 2013 жылға стратегиялық даму бағыттары мен міндет-мақсаттарын нақтылай түсті. Онда оқу үдерісі, әлеуметтік даму жұмыстары, инновациялық жаңалықтарды өндіріске ендіру және ҚазҰУ-дың зерттеу университеті ретінде қалыптасуы бойынша талдау жалғасын тапты.


Жиналыс барысында бірінші проректор М. Бүркітбаев баяндама жасап, ұжымдық басқару, ғалымдардың барлық халықаралық бағдарламаларға қатысуын қамтамасыз ету, «Ғылыми аударма» орталығын қолға алу керектігін және кадрлық саясат – бұл университет тәжірибесінда бар дүние екеніне тоқталды.

Жаңа жылда жаңа міндеттер мен жаңа мақсаттар қолға алынып, ғылыми сапаны арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оқу барысында магистранттар мен докторанттарды даярлауда ел дамуына қандай мамандар қажет екенін ескеру керектігі айтылды. «Елбасы жолдауында қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген болатын, біз білім ордасы, тәрбие ортасы болып табыламыз, ата-аналар ұл-қыздарын бізге тапсырған соң, олардың сенімін ақтау басты міндетіміз санаймын. Қазақ тіліне құрметпен қарап, даму аясын үнемі жетілдіруіміз керек. Біздегі «Қосдиплом» бағдарламасын арттыру жолдары мен нәтижеге негізделген жұмыс жасайық», - деп нақтылай өтті өз сөзінде ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі