Жыл табысты да жемісті болсын! – ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов

29.12.2012

Көрулер: 2721

Құрметті əріптестер жəне студенттер!

Баршаңызды келе жатқан жаңа 2013 жылмен құттықтаймын! 2012 Ұлу жылы өзінің сəттіліктерін сыйлап өтіп бара жатыр. Бұл жыл тарихи күнтізбемізде айтулы белестерге толы болуы мен ерекшеленеді. Биыл қара шаңырақтың əлемдік жəне отандық бі лім жəне ғылым кеңістігінде абыройы артқандығын зор мақтанышпен айта аламыз.

Ұжымдық мəдение ті міз дің қалыптасып, əлеуметтік жаңғыруымызда да толағай табыстар бар. Өтіп бара жатқан жылымызда бұған дейін жеткен белестері міз бен асуларымыздың еселенгенін байқаймыз. Осы о райда келер жылдан да зор үміт күтеміз. ҚазҰУ – ұлттық зерттеу университетіне айналу жолында өзінің да му бағытын айқындап, сол бағытта белсенді жұ мыс атқаруда. Жаңа жылда баршаңызға шығармашылық табыс, қажымас қайрат, сарқылмас жігер тілеймін. Əр шаңыраққа береке, елімізге тыныштық, ырыс келе берсін. Жаңа 2013 жыл құтты болсын!


ҚазҰУ ректоры Ғ.Мұтанов