Кафедра «EXPO 2017» - Қазақстанда айрықша мәні бар оқиғаны талқылады

28.12.2012

Көрулер: 3381

«EXPO 2017» – Бүкіл әлемдік әмбебап көрме дегеніміз не… және ол Қазақстанға қандай нәтиже береді» атты тақырыпта энергоэкология кафедрасының кезекті ғылыми-тәжірибелік семинары өтті.

EXPO – бүкіл әлемдік әмбебап көрмелер – ғаламдық масштабтағы оқиға болып табылады және бүкіл әлемнің экономикалық, ғылыми, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысудың тамаша мүмкіндігі, сонымен қатар тарихи тәжірибе көрінісінің, инновациялық идеялармен алмасудың негізі болып табылады. Көрмелер әрбір бес жылда жүргізіліп отырады және әлемдегі ең мәртебелі және беделді көрмелердің бірі болып табылады. EXPO көрмесіне миллиондаған туристер келеді және әрбір мемлекет әлемге өзінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін көрсетуге тырысады. Нәтижесінде келушілер павильондардың керемет архитекторлы-көркем бейнесін және жаңа ғылыми жетістіктер негізінде жасалған көрме қойылымдарын тамашалай алады. Басқаша айтқанда болашақ технологияларын көре алады.

Сонымен қатар өндірістің барлық салаларына талаптар жоғарылап, барлық жерде жаңа технологиялар, материалдар, құрылғылар орнатылып, халықаралық энергоэкология кафедрасы дайындайтын жаңа мамандар шақыртылады.

Энергоэкология кафедрасы