ҚазҰУ-дың оқытушы профессорлары халықаралық конференцияға қатысты

26.11.2012

Көрулер: 1820

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кафедра меңгерушісі, Гёттинген университетінің Құрметті профессоры Қ.Т. Жұмағұлов «Қазақстан мен Германия ғалымдарының қазіргі гуманитарлық зерттеулер жүйесіндегі өзара әрекеттестігі» атты баяндасымен Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде өткізілген «G-Global және жаңа әлемдік тәртіп» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясында қатысып, сөз сөйледі.

Сонымен қатар, конференцияның жұмысында ҚазҰУ профессоры Рысбекова С.Т. «Қазақстанның инвестициялық жүйесі әлеуметтік-экономикалық дамудың факторы ретінде» баяндамасымен және ҚазҰУ доценті Ибраева Г. «БАҚ-тың толеранттылығы қоғамдағы құндылықтық бөліністің алдын-алудың факторы ретінде» атты тақырыппен таныстырды.

Конференция келесі секциялар бойынша өтті: «Халықаралық қауіпсіздік: G-Global форматында шешу жолдарын іздестіру», «Н.Ә. Назарбаев әлемдік экономикалық жүйені реформалау туралы», «ХХІ ғасырдың басындағы өркениеттік қауіптер», «ЖаҺандану контекстіндегі қазақстандық жол».

Форумның жұмысында алыс және жақын шет мемлекеттердің ғалымдары қатысты.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі