Халықаралық ENACTUS форумы өтті

24.11.2012

Көрулер: 2323

15-17 қарашада 2012 ж. Алматы қаласында «Гранд Айсер» қонақ үйінде «Қоғамға пайда бірге келтірейік» атты Халықаралық ENACTUS форумы өтті. Форум АҚШ, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан және Қазақстанның ENACTUS Президенттерінің қатысты. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері мен эдвайзерлері, «Ашық кафедра» меңгерушісі Л.Т. Қәріпбаева кәсіпкерлік студенттік бизнестің халықаралық тәжірибесін оқып білуде форумға белсенді қатысты.

Осы іс-шарада алынған тәжірибе біздің студенттердің болашақ жобаларын сапа жағынан ENACTUS бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуына біз сенімдіміз. Біз 2013 ж. өзіміздің ұлттық университеттің тобын ENACTUS-тың ұлттық жарысында тағы да көруге тілектеспіз. ҚазҰУ тобы ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты кеңесінен алғыс хатпен марапатталды.

Мансап және бизнес орталығы