«Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» Форумына қатысушылардың Қазақстан жастарына арналған ҮНДЕУІ

22.11.2012

Көрулер: 2475

Біз, «Жастар Президентпен бірге жарқын келешекке!» Форумына қатысушылар! Жастар әрқашан кез келген қоғам мен мемлекеттің аса маңызды бөлігі болғандығына және әрқашан солай болып қала беретіндігіне сенімдіміз. Қазақстанның бірнеше жылдар мен онжылдықтардан кейін қандай болатындығы дәл біздің белсенділігімізге, мәдениетіміз бен жұмыс істей білу қабілеттімізге байланысты болмақ.

Біз, даму мен өркендеу жолына түскен Тәуелсіз Қазақстан Республикасында өмір сүретінімізді мақтан тұтамыз!

Біз, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назрбаевтың тәуелсіз елімізді қалыптастыру мен дамыту, бейбітшілікті, бірлік пен тұрақтылықты, Қазақстанның рухани байлығын сақтау мен дамыту жолындағы үлесінің теңдесіз екендігін түсінеміз.

Біз, өз еліміздің патриотарымыз және оның болашағы біздің қолымызда. «Мәңгілік ел» мұраты - Президенттің жастарға деген аманаты деп білеміз.

Біз, республика жастарын - алған біліміміз бен барлық күш-жігерімізді Тәуелсіз еліміздің игілігін арттыру мен Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың идеяларын жүзеге асыру үшін жұмсауға шақырамыз!

Жарқын келешекті Президентпен бірге құрамыз!

г.Алматы, 21 қараша 2012 г.