Халықаралық студенттер күніне орай КВН өтеді

16.11.2012

Көрулер: 3059

17 қараша күні Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында Халықаралық студенттер күніне арналған жалпыуниверситеттік 1/8 Көңілді тапқырлар клубының КВН ойындары өтеді. Ойынға барлық факультеттің орыс, қазақ лигасының құрама қомандалары қатысады.

Командаларға әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасының құрамында «Мәссаған» жобасының авторы, ҚазҰУ түлегі Марат Оралғазин, КВН ойындарының чемпиондары Тимур Ержанов, Нұрсұлтан Құрманов, Нұрғали Сисенғалиев т.б болады деп күтілуде.

ҚазҰУ-дың Студенттік клубы