«әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасын ең үздік кітапхана жасайық!» атты акция басталды

16.11.2012

Көрулер: 3024

2012 жылдың 12 қарашасынан 12 желтоқсан аралығында «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кітапханасын ең үздік кітапхана жасайық» атты университеттік акция басталды. Мұғалімдер, университет қызметкерлері осы аталған акцияға үлес қосуына болады.

Кітап сыйлаушылардан университетте оқытылатын барлық сала бойынша оқулықтар, анықтамалар және көркем әдебиеттерді қабылдайды. Кітаптар жақсы күйінде болғаны абзал. Бұл әрекетке барлық ықылас білдірушілерді шақыра отырып, Ғылыми кітапханаға өз үйіңіздегі сөрелерде жатқан кітаптарды әкеліп, осы шараға қатысуға шақырамыз! Сіздердің сыйлаған кітаптарыңыз ғылыми-іздестіру және оқу үрдісінде студенттерге баға жетпес құрал болады.

Ғылыми кітапханаға кітап сыйлай отыра:

ü Сіз үйіңіздегі орынды тазалайсыз;

ü Кітапхана қорын толықтырасыз;

ü Оқу үрдісіне көмектесесіз;

ü Өз рейтингіңізді көтересіз;

ü Факультет рейтингісін көтересіз.

Сіз қатысады деп үміттенеміз! Кітаптарды мына мекен-жай бойынша әкелуге болады:

Әл-Фараби даңғылы 71. Ғылыми кітапхананың жаңа корпусы, 1 қабат, кіру абонементтер жағынан, кітаптарды жинақтау, библиографиялық өңдеу және каталогтарды ұйымдастыру бөлімі. Тел.: 292 57 17 (2192), 393 60 48.

Акция соңында қорытынды шығарылып, белсенді қатысушыларға төмендегідей:

ü Өте белсенді факультет;

ü Өте белсенді кафедра;

ü Өте белсенді қызметкер;

ü Өте белсенді серіктес

атағы беріліп, бағалы сыйлықтар тарту етіледі. Төмендегі құжатты толтыруын сұраймыз:

Кітапты қабылдау бланкі.doc


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми кітапхана.