Айналада алтын күз...

16.11.2012

Көрулер: 2480

ҚазҰУ-дың №4 жатақханасында «Күзгі балл» концерттік кеші өткізілді. Аталмыш шара жатақханамызда жыл сайын өткізілетін игі дәстүрге айналып отыр. «Күзгі балл» концерттік кеші жатақхана студенттері арасында сайыс ретінде өткізілді. Сайысқа қатысқан жұптарға белгілі бір мемлекеттер бөлініп беріліп, олар осы мемлекеттің мәдениетін ашып беру тапсырылған болатын.

Концерттік кешті тамашалауға География және табиғатты пайдалану факультетінің студенттері мен ұстаздар қауымы жиналды. Әділ-қазылар алқасының құрамында энергоэкология кафедрасының оқу ісі және тәрбие жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары Базарбаева Т.А., Ж.С.К. төрайымының орынбасары Сансызбай Б., география және табиғатты пайдалану факультетінің аға куратор-эдвайзер ұйымдастырушысы Сәрсембекова З.Қ. және №18 жатақхана студенттер кеңесінің төрағасы Сакенов Н. болды. Кеш соңында әділ-қазылар алқасы сайысқа баға беріп, жеңімпаздарды марапаттады. Марапаттау «Бас жүлде», «Ең үздік костюм», «Ең үздік видеоролик», «Ең тапқыр жұп» категориялары бойынша жүргізілді.

Кешті ұйымдастырушы №4 жатақхана студенттер кеңесінің төрағасы Нурсейтов Алмас сайыс жайлы өз ойын былайша сабақтады: «Күзгі балл» концерттік кешін өткізудегі негізгі мақсатымыз – жатақхана студенттері арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту және бірінші курс студенттерін қоғамдық іс-шараларға тарту болды. Ал осы кешке қатысқан және оны ұйымдастыруға ат салысқан студенттер ұжымына өз ризашылығымды білдіремін. Күз береке мен бақыт алып келсін».

«Surveyor» геодезисттер клубының