«ЖасҰлан» ұйымының кубогына арналған турнир өз мәресіне жетті

12.11.2012

Көрулер: 1900

Алматы қаласында «ЖасҰлан» ұйымының кубогына арналған турнирдің ақтық мәресі өтті. Еліміздің барлық аймағынан 13 команда, яғни 250-ге жуық жас спортшы жасыл алаңға шықты. Екі күнге созылған жасөспірімдер жарысында жас спортшылар бар өнерлерін ортаға салды. Жарыстың соңғы күні үздік шыққан үш команда анықталды. Сайыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жас футболшылары кубокты иеленсе, атыраулықтар күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал, үздік үштікті Алматы қаласының командасы түйіндеді.

Турнирді ұйымдастыруға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері өз үлестерін қосты. Олар: ЖасТур, Сұңкар, НСББП, Univer Pro, Wake Up, Тарлан.

Ұйымдастырушылар осы ұйымдардың төрағаларына, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқармасына және белсенді студенттерге, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканатына, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканының орынбасары А. Жұмаліповке және т.б. өз алғыстарын білдіреді.