ҚазҰУ студенттік ұйымдары мен клубтарының арасындағы «ЖасТур» кубогына жыл сайынғы мини-футбол жарысы басталды

13.11.2012

Көрулер: 1973

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік ұйымдары мен клубтары өз күштерін жыл сайынғы мини-футбол жарысында сынап көрмекші. Туризм және Спорт дамыту клубы «ЖасТур», география және табиғатты пайдалану факультетінің рекреациялық география және туризм кафедрасы, биология және биотехнология факультетінің дене шынықтыру кафедрасымен бірлесе өткізілетін жарыста әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік ұйымдары мен клубтары өз күштерін көрсете алады. Осы іс-шараның демеуші ретінде бірінші студенттік туристік фирма YouthTravel және рекреациялық география және туризм кафедрасы қолдау көрсетті. Мини-футбол жарысы қарашаның 10 мен 17-сі аралығында ҚазҰУ спорткешенінде өткізіледі.


2012 жылдың 10 қараша күні іріктеу ойындары өткізілді. Жарысқа қатысушылар: НСББП, SIFE, ЖасТур, Геобрат, YouthTravel, Сұңқар. Қатысушыларға қолдау көрсетейік!