ҚазҰУ университеттік наноспутник жасауды қолға алған бірінші университет

13.11.2012

Көрулер: 2936

Отандық алғашқы наноспутник жасауды Қазақстанда бірінші болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қолға алды. Бұл жобаның іске асыру Токия университетімен бірлесе халықаралық консорциумдағы қазақстандық ЖОО кірген UNIFORM Project аясында басталды.


Жобаны жүзеге асыру барысында ҚазҰУ-дың бес магистранты Токия университетіне білім алуға аттанады және олар тек теориялық білім емес, сонымен қатар наноспутник жасауға тәжірибелік тұрғыдан машықтанатын болады. ҚазҰУ-дың жас ғалымдары Жапония жоғары оқу орнындағы оқуларының соңына дейінгі уақыттарында өндіру үдерісінің барлық кезеңдеріне қатысып, бастапқы ойлап табудан бастап, ғарыштық құрылғылардың пайдалануға берілгенге дейінгі жұмыстарына қатысады. Олар сондай-ақ, екі жылдан соң ҚазҰУ технопаркінің базасында құрастырылып, жиналып, ғарышқа ұшырылатын қазақстандық наноспутниктің жобасының жасалуына қатысады.

Жобаның басты мақсаты ғылыми-білім беру, шағын ғарыштық құрылғыларды жасауда ғылыми мектеп қалыптастыру және лайықты жер үстіндегі ішкіқұрылым қалыптастыру, елімізге қажет ғарыштық технология саласында жоғары дәрежелі мамандар даярлау болып табылады. Бұл, сөзсіз, тәуелсіз Қазақстанның ғарыштық державадағы имиджін арттырады.

Отандық наноспутник құрлықтағы ішкіқұрылыммен шағын ғарыштық құралдарды қолданып, басқаратын заманауи ғылыми зертхана ретінде қолданылатын болады. Ол жер бетін түсіру, ақпаратты қабылдау және өңдеуге пайдаланылады.

10 кг массалы наноспутниктер электрониканың тұтынушыға арналған түрінде жиналады. Олар аяқ киім қорабындай көлемінде болып келеді. Ал, өзіндік құны төмен болғандықтан, университеттік зертханаларда осындай құрылғыларды жасауға мүмкіндік береді. Бұл бағытта ҚазҰУ АҚШ, Германия, Жапония, Корея ЖОО-ларымен белсенді әріптестік қарым-қатынаста.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі