Орталық Азия бойынша парламент тобының басшысы др. Дагмар Энкельманмен өтетін кездесуге келіңіз

13.11.2012

Көрулер: 2893

15 қараша күні Халықаралық қатынастар факультетінде Германия парламентінің депутаты (Бундестаг), Орталық Азия бойынша парламент тобының басшысы др. Дагмар Энкельманмен кездесу өтеді. Бағдарлама аясында – Германия мен Қазақстан арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарының мәселелері, Бундестагтың Орталық Азия бойынша парламент тобының қызметі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен ынтымақтастығының перспективалары туралы, ҚазҰУ Германия зерттеулері орталығының дамуы жайында және де басқа мәселелер талқыланады.


Д. Энкельман «Бундестагтағы тағылымдама» атты бірегей стипендиялық бағдарламаға қатысу мүмкіндіктері туралы мәлімдейді. Д. Энкельман 2012 ж. маусым айындағы халықаралық қатынастар факультеті студенттерінің профессор М.Ш. Губайдуллинамен бірге Германияға жасаған сапары кезінде студенттермен кездесуге және Бундестагта семинардан өтуге ниет білдірген.

Барлық қызығушылық танытқандарды кездесуге шақырамыз.

Кездесу ХҚФ Ғылыми кеңесінің Залында сағат 14:00-16:00 өтеді.

Мекен-жайымыз: Халықаралық қатынастар факультеті, Қарасай батыр көшесі, 95.

Кездесуге қатысамын деушілерді төмендегі электронды мекен-жайға немесе телефонға хабарласуыңызды сұраймыз:

maragu@mail.ru;

+7707 1503212 (Зарина Каршиева).