Көңілді тапқырлар клубы үздік деп танылды

09.11.2012

Көрулер: 1797

8 қарашада Ө.Жолдабеков атындағы Студенттер сарайында Көңілді тапқырлар клубының командаларының қатысуымен «Хабар» агенттігінің кубогы өтті. Бұл шара 1963 жылы 8 –қараша күні ең алғаш КВН ойындарының өткен күніне орай ұйымдастырылды.

Аталмыш ойынға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ұлттық құрама командасы қатысты. Әділ-қазылар құрамында елімізге белгілі өнер жұлдыздары Әнуар Нұрпейісов, Роман Алмарский, Гүлнұр Досматова, Әсел Сағатова, Тимур Ержановтар болды. Ұлттық құрама командасы «Үй тапсырмасы» бойынша үздік ойын көрсетіп, кубок иеленіп, дипломмен марапатталды. Ұлттық құрамаға алдағы уақытта Астана қаласында өтетін финал ойындарында да сәттілік тілейміз!

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі