«Open Faculty» жобасы бойынша дәрістер оқылады

09.11.2012

Көрулер: 2355

Құрметті «Open Faculty» жобасының тыңдармандары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы ассоциациясының қолдауымен биология және биотехнология факультетінің (Бас оқу ғимараты 6, 4-ші блок), үлкен акт залында 10 қараша 2012 жылы сағат 11.00-де дәрістер оқылады: Айтаманова Лаура, Хамзина Назым, Мыхаев Азамат, Даников Азамат, АҚ «Еуразиялық банкі» «Future Twenty Five» бағдарламасы; Шанкозов Нурлан, АҚ «Қаржы орталығы, Білім беруді несиелендіру; Шильдибеков Ельнур, University of Sheffield, Қоғамдағы адам өміріне техника мен технологияның әсері.


Дәріс берушілердің презентациясын Мансап және бизнес орталығы сайтынан көре аласыздар.

Барлық сұрақтар бойынша Мансап және бизнес орталығы Кәріпбаева Лариса Төлеуғазықызына хабарласа аласыздар. Тел: +7727377-33-73

Алматы қаласы бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясы ассоциациясының бөлім директоры Ермекбаев С.К. тел: 356-07-55 координатор Шаяхметова Дана. Тел: 356-07-56

Мансап және бизнес орталығы