БҰҰ-ның Қоғамдық ақпарат департаменті ҚазҰУ-ға алғыс айтты

08.11.2012

Көрулер: 2403

БҰҰ-ның Қоғамдық ақпарат департаментінің директоры Махер Насер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтановтың атына алғыс хат жолдады.

Құрметті Ректор Мұтанов!

Өз хатында М.Насер. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарапынан БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы аясында өткізілген конференция кезінде көрсетілген қонақжайлылығыныз үшін Сізге рақметімді айтқым келеді. Баяндамалардың таныстырылымы, профессорлар мен оқытушылардың, сондай-ақ, студенттердің конференцияға белсене қатысуы өте жоғары деңгейде өтті», - деп атап көрсеткен. Сондай-ақ ол конференцияны ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығын білдіріп, алдағы әріптестік байланыстың дамуына сәттілік тілеген.

БҰҰ-ның Қоғамдық ақпарат департаментінің қолдауымен «Академиялық ықпал» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «XXI ғасырдағы қақтығыстар сипатының өзгеруі» атты халықаралық конференция ҚазҰУ-да ағымдағы жылдың 17-18 қазан аралығында өтті.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі