«Визуальды коммуникация ретінде заманауи сандық технология» және «Қазіргі заманғы медимәтіннің тілі: фото, видео дыбыс» атты семинар-тренинг өтіп жатыр

08.11.2012

Көрулер: 1929

Дәстүрлі медианың Интернет бетіне көшуі БАҚ саласында түбегейлі өзгерістер әкелді. Медианың шоғырлануы он-лайн медиа, конвергентті журналистика сияқты жаңа салаларды ақпараттық кеңістікке енгізді. Осы бағытта бүгінгі журналистика, баспа ісі, дизайн, халықаралық журналистика, қоғаммен байланыс, мәдениеттану мамандықтары бойынша маманданып жатқан студент, магистрант және докторанттар нені меңгеруі қажет.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінде өз жұмысын бастаған «Визуальды коммуникация ретінде заманауи сандық технология» және «Қазіргі заманғы медимәтіннің тілі: фото, видео дыбыс» атты семинар-тренинг осы сұрақтарға жауап іздемек. Семинар тренингтің модераторы Гонконг Баптист Университетінің визитор-лекторы, АҚШ азаматы, әйгілі мультимедиа журналисі Дин Кокс (Dean C.K., Hong Kong Baptist University Lecturer): «Кәсіби журналист мақала жазып қана қоймай, мақала мәтінімен бірге фото айғақтарды, көркем суреттерді қолада білуі қажет. Ол классикалық фото эссе және қысқа фото оқиғалар негізінде өрбиді. Мәселен классикалық фото эссе он екден жиырмаға дейінгі суреттерді қамьтыса, қысқа фото оқиғалар үштен беске дейінгі аралықтағы суреттермен безендірілуі керек. Мақала мазмұны суретттермен баяндалып тұруы бүгінде халықаралық журналисте қойылар басты талап», - деп атады.

Семинар-тренингтер бұқаралық ақпарат құралдарының мамандары сандық технология қызметін шығармашылығына сәтті пайдалану, медиамәдениетінің тілін меңгеру сияқты бағыттарда тәжірибе алмасады деп күтілуде. Бүгінгі шараны ұйымдастырушы Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы Гүлмира Сұлтанбаева: «Бұл семинар-тренинг «Елдің интеллектуалды әлеуеті» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылып отыр. Қазіргі уақытта журналистика жаңа медиа сипатына еніп отыр. Ұлттық журналистиканың өзі белгілі бір жүйеде мультимедианың бөлігіне айналды. Ендеше мультимедианың үрдістерін білу осы сала мамандары үшін маңызды деп есептеймін. Сол себепті осы ғылыми басқосудан жастардың үйренері зор», - деген пікір білдірді. Журналистика факультетінде сағат 10.00-де басталған семинар-тренингтің жұмысы 17.00-ге дейін жалғасады. Мультимедиа саласының маманы Дин Кокс алдымен Ассошэйтед Пресс агенттігінде қызмет етсе, кейінгі жылдары CBS news com., Eurasianet.org фото және мультимедиалық журналисі, Баптист Университетінің визитор-лекторы қызметтерін атқаруда.

Мультимедиалық журналистика, визуальды коммуникация, ақпараттық мәдениет мәселелеріне арналған семинар-тренинг университет студенттері, магистранттары мен докторанттарына тәжірибелік білімдерінің артуына көмек береді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі