Талқылау қызықты өтті

06.11.2012

Көрулер: 1856

5 қарашада кезекті ректорат мәжілісі өтті. Онда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында студент жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі жөнінде философия және саясаттану факультетінің деканы Әлия Масалимованың баяндамасы тыңдалды. Тақырыпты тарқата түскен саясаттану кафедрасының меңгерушісі Гүлнәр Насимованың ақпары болды.

Студенттердің саяси мәдениетін қалыптастыру жөнінде кеңінен тоқталып, қоғамдағы жағдайға студент көзқарасымен бөлісе отырып, дұрыс бағыт беру керектігін тілге тиек етсе, осы орайда конфессияаралық толеранттыққа тәрбиелеу және студенттік ортада діни экстремизмнің алдын алу туралы дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева өз сөзінде ара-жігін ашып берді. Факультетте жұмыс істеп жатқан ұйымдар мен клубтар жұмысына және нақты ұсыныстарын ортаға салды. Университеттің теле-радо кешенін, газетін пайдалана отырып, арнайы ролик жүргізу деген ой айтылды. Мәжілісте қаралған екінші тақырып, ол ҚазҰУ делегациясының шетелдік іс-сапары туралы болды. Аккредитациялау, рейтинг және сапаны басқару орталығының директоры Гүлшат Минажеваның іс-сапар барысы туралы баяндамасы назарға ұсынылды. Германия, Париж, Нидерландыдағы университеттерде білім беру жүйесі, магистратураның түрлеріне мән бергенін, университетке ұтымды ойларымен, қызықты ақпараттарымен келгені баяндама барысында байқалды.

Халықаралық қатынастар факультетінің дипломатиялық аударма кафедрасы меңгерушісі Алтынай Байтоқаева Айгерім Сатаева, Айгерім Жүнісова «Халықаралық қатынас» мамандығының 2 курс студенттері, Марат Ордабаев «Әлемдік экономика» мамандығының 1 курс студентіне арнайы кафедра атынан шәкірақыны табыстады. К.Н.Шәкіров ҚазҰУ-да БҰҰ мүшелерінің қатысуымен өткізілген конференцияның жоғары деңгейде ұйымдастырылып, нәтижелі байланыстарды дамыту ұсынысымен ҚазҰУ атына келген БҰҰ-ның қоғамдық ақпарат департаментінің директоры Махер Нассер және БҰҰ-ның Ұтқырлық бойынша өкілі Раму Дамодараннан жолданған хаттармен таныстырды. ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына міне 75 жыл толуына орай, алғыс хатпен баспа ісі және дизайн кафедрасының меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлына және кафедра доценті, филол.ғ.к. Қоңыр Мұқатаева Кітап палатасының 75-жылына арналған құрмет грамотасын табыстады. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Серік Ырсалиевтен келген құттықтау хат профессор Сұлтан Төлеуханұлына табыс етілді.


ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі.