ҚазҰУ студенттері жүлделі орын иеленді

22.10.2012

Көрулер: 2517

Рекреациялық география және туризм кафедрасының студенттерінен құрылған, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командалары 19-21 қазан күндері Кіші Алматы шатқалында өткен «Достарды еске алу» атты, туризм техникасы бойынша дәстүрлі жарыстарында екінші және үшінші орын алды.

Құтқару жұмыстарының дистанцияларында, жартастарда, өткелде, жаяу желі трассасында ЖОО-ның және Республикалық оперативтік-құтқару жасағының (РОҚЖ) кәсіби құтқарушылар командалары жарысты. Бірінші курс студенттерінің командасы, кубок пен медальдармен бірге, РОҚЖ-ның арнайы жүлдесі – альпинистік арқанмен марапатталды. Жарыстарды Алматы қаласы әкімшілігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы, ТЖМ РОҚЖ ББ және Алматы қаласының спорттық туризм мен туристік көпсайыс федерациясы ұйымдастырды.