«Шығыс өркениеті контексіндегі түркі әлемінің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді

22.10.2012

Көрулер: 2668

2012 жылдың 23-24 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Шығыс өркениеті контексіндегі түркі әлемінің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Ұйымдастырушылыр: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультеті, ҚР БҒМ ҒК Р.Б.Сулейменов атындағы Шығыстану институты және Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТЮРКСОЙ) қатысады.

Коференция мақсаты - түркі халықтары мәдениетінің рөлі мен оның шығыс өркениетіне ықпалын анықтау.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

- Түркі халықтарының диалогы: тарих және қазіргі заман

- Түркі халықтарының рухани-тарихи мұрасы және түркі халықтары ынтымақтастығының болашағы

- Мәдени және діни бірегейлік эволюциясы

- Түркі тілдері мен әдебиеттерінің өзекті мәселелері: тарих және қазіргі заман

Конференцияға Қазақстан ғалымдарымен қатар Түркия, Қытай, Нидерланды, Корея, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б. шығыс елдерінің ғалымдары қатысады.