23 қазан Wiley-VCH, Verlag баспа журналдарының бас редакторы Питер Грегоримен кездесу өтеді

22.10.2012

Көрулер: 2418

23 қазан 2012 ж. озық мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Wiley-VCH, Verlag баспа журналдарының бас редакторы Питер Грегори қатысуымен «Қазақстан журналдарының сапасының жоғарылатуының талқылауы» атты семинар өткізеді.

Wiley-VCH, Verlag баспасы 1807 жылы Манхэттен, Нью-Йоркте ашылған. Қазір сату кеңселері және филиалдары Австралия, Индия, Канада, Сингапур, Жапония, Германия, Кытай, БАӘ, Бразилияда бар. Thomson Reuters және Scopus дерек қорларында баспаның 80-нен астам журналдары кіреді.

Қазақстан журналдарының сапасын жоғарылатуы, халықаралық рейтинтерге қосуы, өздік жоғарғы рейтингті журналдарын шығаруы Питер Грегориның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- ға сапарының нысаналары болып табылады.

23 қазан 2012 ж., с. 09.00, әл-Фараби даңғ., 71, 230 ауд., Т.Кожекеев атындағы конференц-залы, журналистика факультетінде өткізіледі.

Байланыс телефон: 8/727/377-33-30 (ішкі 11-35);

Факс: 8/727/377-35-45;

e-mail: bayan.kabataeva@kaznu.kz