Сұлтан Сартаевтың 85-жылдық мерейтойына арналған конференция өтеді

18.10.2012

Көрулер: 2839

19 қазан сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанға әйгілі ғалым-заңгер, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Жоғарғы мектеп академиясының академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сартаев Сұлтан Сартайұлының 85 жылдық мерейтойына және ғылыми-педагогикалық қызметіне 64 жыл толуына арналған «Академик С.С. Сартаев – ұстаз, ғалым, азамат» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.


Конференцияға Қазақстанның және шет мемлекеттердің заң саласының ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, мемлекеттік органдардың, түрлі саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, РһD докторанттары, магистранттары қатысады.

Ұйымдастыру комитеті: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшіліқ құқық кафедрасы.

Тел.: 8 (727) 377-33-35 (1255); (1256).

E-mail: ibraeva_tgp@mail.ru, adilek03@mail.ru

Тел.: +77771110311, Турсынкулова Динара Ахановна