Факультетте ашық есік күні өтті

18.10.2012

Көрулер: 1867

2012 жыл 16 қазан күні Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстанға қош келдіңіздер!» атты факультеттің ашық есік күні өтті.

Факультеттің ашық есік күніне университет басшылығының атынан Сейітжанов Әбдіқаһар Әнуарханұлы, Ауғанстан Ислам Республикасы елшісінің екінші хатшысы Азизи Файки, Қазақстан халқы ассамблеясында қызмет істейтін ауғанстандық Ахмадулла Восток қатысты.